Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт вице-министрі тағайындалды

20.02.2015 09:01 1311

 

 

2015 жылдың 19 ақпанындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі болып Сәкен Жүнісбекұлы Мұсайбеков тағайындалды.

 Сәкен Мұсайбеков 1991 жылы тау инженері мамандығы бойынша В.И. Ленин атындағы қазақ политехникалық институтын, 1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын халықаралық экономист мамандығы бойынша бітірді. «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» және «10 жыл Астана» мерейтойлық медальдармен марапатталды.

Еске салып кетсек, бұрын Сәкен Жүнісбекұлы Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының бас директоры лауазымында қызмет атқарған болатын.

Жаңа вице-министрдің құзырына Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт мәселелері кіреді.

по материалам: mk.gov.kz