Қазақстандық пара-спортшылар жеңіл атлетикадан «Fazaa» Халықаралық жарысқа қатысуда

20.02.2015 09:15 1374

 

 

2015 жылдың 19 және 25 ақпаны аралығында Дубайда (БАӘ) жеңіл атлетикадан «Fazaa» Халықаралық жарыс өтуде. Беделді шараға Қазақстан атынан 34 спортшы қатысып жатыр.

Қазақстандық құраманың алдында әлем чемпионатының нормативтерін орындап, 2016 жылы Риода өтетін Паралимпиялық ойындарға қатысуға жолдама алу мақсаттары тұр.

Сонымен қатар мүмкіндіктері шектеулі спортшыларымыз 27-28 ақпанда Шарджада өтетін 5-ші халықаралық жарыстарға қатысуды жоспарлап отыр.

Еске салып кетсек, Fazaa жарыстары  Дубай мұрагер ханзадасы, Дубай Әмірлігі Атқарушы Кеңесінің Президенті Аса Мәртебелі шейх Хамдан бин Мохаммед бин Рашид аль-Мактумның қолдауымен 2009 жылдан бастап өткізіліп келеді. Шараның ұйымдастырушылары – Дубай мүмкіндіктері шектеулі адамдар клубы.

Жеңіл атлетикадан «Fazaa» Халықаралық жарысы ұйымдастырылуының деңгейі мен сапасының жоғары болуының арқасында әлемдегі ең танымал іс-шаралардың қатарына жатады.

по материалам: mk.gov.kz