ҚР Мәдениет және спорт министрі мен Монғолия Ұлы Құралының депутаты екі мемлекеттің мәдениет саласындағы ынтымақтастықтың даму деңгейін жоғары бағалады

25.02.2015 14:01 1410

25 ақпан, 2015. Астана. Бүгін ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ғ. Ахмедьяров Монғолияның монғол-қазақстандық парламент тобының төрағасы А. Тлейханмен кездесті. Екі ел өкілі мәдениет, өнер, спорт және Монғолияның Баян-Өлге аймағындағы бірлеске археологиялық және зерттеу жұмыстары мәселелерін талқылаған болатын.

Кездесуге, сонымен қатар, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Бекенов, Монғолияның Қазақстандағы Елшісі Жагир Сухээ, Ұлы Мемлекеттік Құралдың мүшелері мен қазақстандық ведомстваның жауапты қызметкерлері қатысты.

Әңгіме барысында Ғалым Ахмедьяров екі мемлекеттің мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін айтып өтті.

«2009 жылы мен Ұлан-Батордағы Қазақстан мәдениет күндерін өткізуге атсалысқан едім. Сонымен қатар 2011 жылы Монғолияның шығармашылық ұжымдары Шәмші Қалдаяқов атындағы Халықаралық ән байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Біздің байланыстарымыз өзара сенім мен тарихи туыстықтың негізінде құрылады», - деді қазақстандық ведомства басшысының орынбасары.

Сонымен қатар Ғ. Ахмедьяров 2015 жыл мемлекетіміз үшін ерекше жыл екендігін, биыл бірқатар мерейтойлық шаралар – Қазақ хандығының 550-жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-жылдығы, сондай-ақ Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70-жылдығы тойланатындығы хабарлады. Ол Монғолия мемлекеті де осы мерейтойлар аясында өтетін шараларға белсене қатысатындығына үміт білдірді.

Алмалик Тлейхан өз кезегінде қазақстандық әріптестеріне қонақжайлылығы үшін алғысын білдіріп, Монғолия тұрғындарын негізінен екі ұлт өкілдері – монғол және қазақтардан тұратындығын баяндады. Елде қалыптасқан мемлекеттік саясаттың арқасында 150 мыңнан астам қазақтардан тұратын диаспора мемлекеттің өзге тұрғындары секілді барлық құқықтар мен еркіндіктерге бірдей жағдайда ие.

 «Баян-Өлге аймағында қазақ ұлттық музыка театры жұмыс істеуде. Біз осы театрдың дамуы мен жандануына, әртістері мен техникалық қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктерін жоғарылату мәселелеріне аса көңіл бөлеміз», - деді монғол-қазақ парламенттік тобының төрағасы.

Кездесу кезінде, сонымен қатар, білім, ортақ археологиялық және зерттеу жұмыстары, спорт мәселелері де талқыланды.

по материалам: mk.gov.kz