Қазақфильм тарихи-драмалық телевизиондық сериалдың түсіріліміне қатысуға кастинг жариялайды

26.02.2015 14:59 1485

 

«Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Рүстем Әбдрашевтың жұмыс атауы «Қазақ хандығы» атты тарихи-драмалық телевизиондық сериалдың түсіріліміне қатысуға кастинг жариялайды.

Кастингке сыртқы келбеті азиалық типке жататын, спорттық дене бітімі бар, бойы 170 см кем емес, 17 және 45 жас аралығындағы ер адамдар қатыса алады.

Сонымен қатар сериал түсіріліміне 17 мен 60 жас аралығындағы ер және әйел адамдар қажет.

Үміткерлердің актерлік жұмыс тәжірибесі болғаны абзал, сондай-ақ, кастингтің міндетті шарты - қазақ тілін меңгеріп, атпен салт жүре білулері қажет.

Іріктеуге қатысам деушілер өз фотосуреттері мен сауалнамаларын kaz.hanstvo@mail.ru электрондық поштасына жібере алады.

Фотосуреттерге қойылатын шарттар: бет-әлпетінің анфас және профильде түсірілген орта және ірі пландағы суреті, бойының суреті.

 Сауалнамада аты-жөні, тегі, туылған жылы, бойының көлемі, салмағы, байланыс телефондары көрсетілуі тиіс.

Құжаттарды келесі мекен-жай бойынша жіберуге де болады: Алматық., Әл-Фараби көш., 176, «Қазақфильм» киностудиясы, 272-ші каб.

по материалам: mk.gov.kz