Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Тараз қаласында орнатылатын монументтің таңдаулы жобасына республикалық ашық конкурстың мерзімі ұзартылды

26.02.2015 16:07 1430

 

2015 жылғы 27 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» республикалық газеттерінің беттерінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Жамбыл обысының әкімдігімен бірлесіп, Қазақ хандығының  550 жылдығына орай Тараз қаласында орнатылатын монументтің таңдаулы жобасына  республикалық ашық конкурс жариялайтыны туралы хабарлама берілді.

Конкурстың шарттарына сәйкес конкурсқа қатысу жөніндегі өтініштер  ү.ж. 1 наурызына дейін қабылдануы тиіс. Бүгінгі күнге конкурсқа қатысу туралы жеке және заңды тұлғалардан 3 өтініш келіп түсті.

Қазіргі кезеңге Жамбыл облысының әкімдігімен Қазақ хандығының  550 жылдығына арналған ескерткіштің орнатылатын жері белгіленді. Осыған орай, ситуациялық схема, ескерткіштің орнату аумағы көрсетілген ситуациялық бас жоспар орналастырылып отыр.

Конкурстың ықтимал қатысушыларының назарына, сонымен қатар, жобаны ұсынылып отырған ситуациялық схемаға сәйкес қосымша пысықтау, жобаға қатысушаларды толық ақпараттандыру  және барынша толық қамту мақсатында   конкурстық материалдарды қабылдау мерзімінің 2015 жылғы 15 наурызға дейін ұзартылатынын жеткіземіз.

по материалам: mk.gov.kz