Мемлекеттік қызметкерлер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Ұлт көшбасшысының тестілерін тапсыруда

27.02.2015 12:28 1541




 

2015 жылғы ақпанның 24-і мен наурыздың 16-сы аралығында Астана қаласының орталық саябағындағы шаңғы-роллер трассасында мемлекеттік қызметкерлер арасында шаңғымен жүгіруден Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Ұлт көшбасшысының тестілерін тапсыру жарыстары өтуде. Бұл игі шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитеті ұйымдастырды.

Тестілерді тапсыру 24 ақпанда Мәдениет және спорт министрлігінің қызметкерлерінен басталып, ақпанның 26-сында шаңғы жолына ҚР Қорғаныс министрлігі және Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының қызметкерлері шықты.

Шараның ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Е. Қанағатов қатыcты. Комитет төрағасы құттықтау сөзінде ҚР Президенті-Ұлт көшбасшысы Н. Назарбаевтың қамқорлығының арқасында Қазақстанда бұқаралық спортты дамыту бойынша нәтижелі жұмыс жүргізіліп отырғанын атап өтті.  «Өскелең ұрпақ үшін зиянды әдеттерді алдын алу, дене шынықтыру және спортпен айналысуға тартудың бір жолы Тұңғыш Президент-Ұлт көшбасшысы тестілері екені сөзсіз. Президенттік тестілер ел халқының дене даярлығының мониторингі болумен қатар, Республика тұрғындарын дене шынықтыру мен спортқа тарту арқылы салауатты өмір салтын насихаттаудың таптырмас тәсілі», – деді Е. Қанағатов.

Президент сынамасын шамамен алғанда 200-ге тарта қызметкер тапсырды. Тестілерді тапсыру жас ерекшеліктері бойынша топтарға бөлініп өткізілді.

Еске салар болсақ, Президент сынамасын тапсыру ақпан айының 24-і мен наурыздың 16-сына дейін жалғасады. Президент сынамасын барлық мемлекеттік органдардың қызметкерлері алдын-ала жасалған кесте бойынша тапсырады.

 

по материалам: mk.gov.kz