Қаз ҒЗМИ Бас директорының Алматы қаласында жұмыс бойынша іс сапары өтті.

12.02.2015 13:10 1529

                                                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015 жылдың 9-10 ақпанында Қаз ҒЗМИ директоры А. Хазбулатов Алматы қаласына іс сапарда болып, Қаз ҒЗМИ ғылыми қызметкерлері мен кездесу өткізді.

 9 ақпан күні А. Хазбулатов Қаз ҒЗМИ бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы А. Гаркавецпен кездесті. Кездесу барысында А. Гаркавецтің Киев қаласында өткен «Codex Cumanicus» деректі фильмінің түсірілім тобының жалғасы бойынша талқыланды.

Сонымен қатар А. Хазбулатов пен А. Гаркавец «Қазақ тілі тарихи сөздігінің электронды базасы» және оның ары қарай даму жағдайын қарастырды. Электронды база кітабын жасақтау және құру арқылы көптеген шет елдерде сақтауда жатқан мұрағаттық материалдар мен зерттеу деректеріне қол жеткізуге мүмкіндік алынады. Сондай-ақ бұл жоба бойынша қазақ тілінің тарихын байытады және қоғамдағы адамдарды өз елінің ұлтжанды азаматы болуына тәрбиелейді.

10 ақпан күні А. Хазбулатов бас директордың ғылыми жұмыстар бойынша орынбасары, өнертану кандидаты О. Батурина және жетекші ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты И. Ерофеева мен Алматы қаласындағы институт өкілеттілігінде жиналыс өткізді.

Жиналыс барысында жұмыс тобының тізімі бекітіліп, «Көшпелі қазақтардың мәдениеті мен өнеріндегі дәстүрл іжан-жануарлардың бейнесі мен сарыны» (ежелгі дәуір, орта ғасыр, жаңа кезең) жобасы аясындағы іс шараның жоспары анықталды. Материалдарды жинау үшін шетелдердегі мұрағаттар мен кітапханаларға ғылыми-зерттеу іс сапарлары жүзеге асырылмақ.

А. Хазбулатов сондай-ақ Колумбия университетінің профессоры Р. Абазовпен кездесті. Кездесу барысында 2015 жылға арналған ғылыми жобаларды талқылап, Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуы мерекесі бойынша бірқатар ойлар айтылды.