ҚР Ұлттық музейі мен «Эрарта» заманауи өнер музейі бірлесіп көрме ұйымдастыруда

04.03.2015 14:27 1502

Ертең, 2015 жылдың 5 наурызы күні, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Эрарта» заманауи өнер музейінің жинағынан (Ресей, Санкт-Петербург) Ресейдің өзекті өнерін көрсететін суретшілердің 60 туындысының көрмесі  ашылады.  

 «Ресейдің заманауи көркемсуреті» атты көрме арқылы Ұлттық музей ҚР мәдениет саясатының тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылатын «Әлемдік мәдениет және заманауи өнер» жобасын ашады.

«Ресейдің заманауи көркемсуреті» атты көрмеге 28 суретшінің жұмысы қойылады. Олардың арасында Валерий Лукка, Анатолий Заславский, Феликс Волосенков, Елена Фигурина, Николай Сажин бастаған қалыптасқан  тұлғалар мен Виталий Пушницкий, Илья Гапонов, Александр Дашевский сынды жас суретшілер бар. Көрмеге Владимир Овчинников, Владлен Гаврильчик, Анатолий Басин секілді ленинградттық суретшілердің туындылары енгізілген. Мұнда Ресейдің өзекті өнерін танытып жүрген аймақтық суретшілер краснодарлықВладимир Мигачевтің, новосібірлік Максим Каеткин мен Владимир Фатеевтің, липецкілік Юрий Татьяниннің де суреттері болады.

Эрарта музейінің кураторы Владимир Назанскидің ойластыруы бойынша, көрме экспозициясы шартты түрде мынадай бөлімдерге бөлінген: «Идентификация», «Экспрессионизм», «Жаңа байыптылық», «Мүлтіксіз кескіндеме». Алайда  барлық көркемсуреттер ұсынылған құрылыммен сәйкес келе бармейді. Себебі олар жеке дара визуалды тәжірибені көрсетеді.

Көрмені ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен РФ Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық музейі және «Эрарта» заманауи өнер музейі бірлесіп ұйымдастыруда.  

Көрме 29 наурызға дейін жалғасады.

по материалам: mk.gov.kz