Қазақстандық паралимпиадашылардың жаңа табысы

10.03.2015 13:12 1418

Мадридте өткен Испанияның ашық чемпионатында қазақстандық паралипиадашылар тоғыз алтын, алты күміс және төрт қола жүлде қанжығаларына байлады.

Жарыстағы бұл жетістіктер әлем чемпионаты мен Паралимпиалық ойындарға жолдама алуға қажет нормативтерді орындаудың тағы бір сәтті қадамы болып табылады.

Еске салып кетсек, Қазақстан паралимпиалық құрамасының екі спортшысы – әлемнің алты дүркін рекордсмені Зульфия Габидуллина мен Инчхонда өткен Азия паралимпиалық ойындарының бес дүркін чемпионы Ануар Ахметов бұл нормативтерді орындап қойған болатын.

по материалам: mk.gov.kz