Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатынан бір алтын, екі күміс және алты қола жүлдемен оралды

10.03.2015 14:20 1400

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы жасөспірімдер мен кадеттердің арасында өткен Азия чемпионатынан бір алтын, екі күміс және алты қола жүлде қанжығасына байлап келді.

Өскемендік Вадим Шарлаимов жартылай финал мен финалда жапаондық сайысшыларды жеңіп, семсермен сайысудан Азия чемпионы атанды. Сонымен қатар Шарлаимов Александр Келлерман, Владислав Семенов және Сергей Акентьевпен бірлесіп, командалық жарыстардың қола жүлдесін иеленді.

Екі күміс жүлде алдаспаншылар Нұржан Кәрім мен Әйгерім Сарыбайдың үлесіне тиді. Жарыстың соңғы күні өткен командалық сайыста Қазақстан қоржыны жаңа қола жүлделермен толықты. Құралай Сейдахметова, Каролина Каримова және Кристина Проводниковалардан тұратын рапира мен Дана Аманжолова, Айбике Хабибуллина, Екатерина Игина және Әйгерім Сарыбайдан тұратын қылыш әйелдер құрамалары ерекшеленген болатын.

по материалам: mk.gov.kz