«Астана Операдағы» Венециялық сайыс

11.03.2015 11:05 1518

13 наурызда «Астана Опера» театрына «Елдер мен құрлықтарға саяхат» атты абонемент аясында өтетін «Венециялық сайыс» концертіне келген қонақтардың назарына қайықта отырғандай тербейтін, гондольердің епті ескегінен шапшыған судың сылдыры, жалындатқан итальяндық әндер ұсынылады.

Аталған кеште өнер көрсететін «Астана Опера» театрының опера солисттері мен симфониялық оркестрінің әртістері:ҚР еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Ниязова (сопрано), Салтанат Мұратбекова (меццо-сопрано), «Астана Опера» симфониялық оркестрініңконцертмейстері Қаламқас Жұмабаева, ішекті квинтет құрамындағылар: Валерий Моисеенко, Эльвира Мұхамбетова (скрипка), Жанар Ахатова (альт), Құрбанжан Ахатов (виолончель), Анатолий Якушкин (контрабас), сондай-ақ Станислав Омаров (кларнет) және Жібек Сапарғалиева (флейта), Жәнібек Сапаров (гитара).

Бағдарламаға танымал камералық-вокалдық шығармалар, итальяндық композиторлар – Джоаккино Россини, Винченцо Беллини, Антонио Вивальдидің операларынан ариялар мен дуэттер енгізілді. 

по материалам: mk.gov.kz