«Алматы – ислам мәдениетінің 2015 жылғы астанасы» халықаралық конференциясының бірінші күні.

25.02.2015 11:12 1629

 

24 ақпан күні «Алматы – ислам мәдениетінің 2015 жылғы астанасы» халықаралық конференциясының бірінші күні өтті. Конференцияны Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі және Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ұйымдастырды.

Конференцияның пленарлық отырысына Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Ғалым Ахмедияров, ислам ынтымақтастығы Ұйымына (ИЫҰ) мүше-елдердің мәдениет министрлері, ИСЕСКО Бас директоратының (Ислам ұйымының білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша), халықаралық ұйымдар мен дінбасылар өкілдері қатысты.

Іс-шара аясында ислам әлемінің тарих және мәдениет салалары негізінде аталмыш сала бойынша талдаулар және халықаралық ықпалдасу үдерістері талқыланады.