Татарстан Республикасының мәдениет Министрі Айрат Сибагатуллин: Біз ислам әлемімен қарым-қатынасымызды бағалап, дамытудамыз.

25.02.2015 11:19 1615

Татарстан Республикасының мәдениет министрі Айрат Сибагатуллин.

2015 жыл, 24 ақпан, Алматы қаласы. – Бүгін біз ислам әлемімен қарым-қатынасымызды бағалап, дамытудамыз. Ал төзімділікті бекіте түсу біздің мемлекетіміздің басты міндеті болып табылады, - деп атап өтті «Алматы – ислам мәдениетінің 2015 жылғы астанасы» атты Халықаралық конференция барысында Татарстан Республикасының мәдениет министрі Айрат Сибагатуллин.

 «Алматы ислам мәдениетінің 2015 жылғы астанасы» конференциясында сөз сөйлеген Татарстан мемлекетінің мәдениет министрі ислам дінін татар халқының ажырамас бөлігі – Татарстан халқының рухани тірегі ретінде саналатынын атап өтті.

Сондай-ақ ол ислам дінінің Ресей мемлекетіндегі ұстанатын екінші діні екенін, оны Поволжьеде, Оралда, Сібірде және Солтүстік Кавказда 20 миллионнан астам мұсылман ұстанатынын тілге тиек етті.

«Соңғы уақыттары біз мемлекетіміздің көптеген ислам елдеріменен тығыз қарым-қатынас орнатып жатқанына куә болудамыз. Әсіресе, Ресейдің Ислам Ұйымы Конференциясын бақылаушы мәртебесіне қол жеткізгенін атап өткен жөн. Соның ішінде, бүкіл Ресей бойынша ислам әлемімен қарым-қатынасты жан-жақты дамытқан Татарстан болды», - деп атап өтті А. Сибагатуллин.

Татарстан министрі Қазақстан мен Татарстан арасындағы бірігіп жүзеге асырылатын жобалардың мақсаттары жайлы сөз етті.

Бүгінгі таңда екі бауырлас халыққа да ортақ көптеген тұлғаларды негізге алуға болады: бұлар ақын және философ Акмулла Хисматуллин, композиторлар Нәзіп Жиганов пен Латиф Хамиди, дирижерлар Фуат Мансуров пен Ринат Салауатов, ағайынды әншілер Ришат және Муслим Абдуллиндар, скрипкашы Рафаэль Хисматуллин, суретшілер Бахтияр Табиев пен Камиль Муллашев. Сондай-ақ татар халқының әншісі, ақыны Ғабдулла Тукайдың шығармашылығы Қазақстанмен тығыз байланысты.

«Қазақ және татар мәдениетін өзара байыту, сауда-экономикалық қатынастарды нығайту, ғылым және білім беру қатынастарын ұзақ тарихи мерзім негізінде жалғастыру. «Алматы ислам мәдениетінің 2015 жылғы астанасы» Жылы біздің қарым-қатынасымызды одан әрі нығайта түсетініне толық сенімдімін».