"Қалалық ортадағы қазақ тілі" атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізеді.

13.03.2015 10:20 1742

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті, ҚР МжСМ Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты, "Мэлс Ержанов" жеке қоры және ҚР БжҒМ ҒК А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты "Қалалық ортадағы қазақ тілі" атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізеді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: Алматы қаласының визуалды ақпарат құралдарындағы мемлекеттік тілдің сапасына қоғам назарын аудару; электронды БАҚ-та (радио және теледидарда) мемлекеттік тілдің қолданыс мәдениеті деңгейін талдау; осы бағыттағы отандық тілтанымдық зерттеулердің негізгі бағыттарымен таныстыру.

Соңғы кездері БАҚ беттерінде мемлекеттік тілдегі жарнама копирайтерлерінің қате аудармаларын сынға алу жиілеп кетті. Дөңгелек үстелге қатысушылар копирайтерлерді мемлекеттік тілде сауатты, стильдік және басқа тұрғылардан да қатесіз жазу үшін қандай жағдай-шаралар қажет екенін анықтап-шешуге тырысады.

Қалалық орта - мемлекеттік тіл қолданысының үлгі нсұқасын көрсететін кеңістік болуы тиіс.

Сонымен қатар Дөңгелек үстел қатысушыларын мемлекеттік тілді қала тұрғындарына үйретудің тиімді әдістемесінің бірегейімен таныстыру көзделді. Дөңгелек үстел жұмысына тілтанушылар, жазушылар, журналистер, мемлекеттік органның, бизнес, жарнама агенттіктерінің өкілдері қатысады.

Өтетін күні: 2015 жылғы 18 наурыз, сағ. 10:00

Өтетін орны: Абай даңғ. 14, ҚР Ұлттық кітапханасының конференц-залы.