Қаз ҒЗМИ Бас директоры А.Р. Хазбулатов ғылым тобымен Тамғалы шатқалына барды.

26.02.2015 10:16 1570

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015 жылдың 26 ақпанында Қаз ҒЗМИ Бас директоры А.Р. Хазбулатов ғылым тобымен Бүкіләлемдік ЮНЕСКО-ның тізіміне ілінген Тамғалы шатқалындағы археологиялық ландшафт петроглифтеріне барды. Делегацияны «Таңбалы» тарихи-мәдени және табиғи мемлекеттік қорық-мұражайының директоры Е.Б. Әлімқұлов қарсы алды. Қорық-мұражайды таныстыру экскурсиясын А.Е. Рогожинский жүргізді. Ол қазіргі уақыттағы жартас суреттерінің сақтау мәселелері мен олардың келешектегі дамуы жайлы айтты. Кездесу барысында Қазақстан петроглифтерін зерттеу бойынша ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асыруды және халықаралық ынтымақтасты іске асыру жайында сөз қозғалды.