«Алматы – ислам мәдениетінің 2015 жылғы астанасы» Халықаралық конференциясы аяқталды

26.02.2015 11:12 1745

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғ. Шойкин «Алматы ислам мәдениетінің 2015 жылғы астанасы» конференциясы Жыл бастамасы екенін айтып өтті. 2015 жыл бойы ислам әлемінің  діні мен қоғамына байланысты рухани дамуды нығайту мақсатында бағытталған іс-шаралар өткізіледі.

Екі күнге созылған конференция жайлы шетелдік және отандық қатысушылар өз пікірлерін айтты. Бұл тамаша мәдени жобаны ұйымдастырушыларға өздерінің тілектерін білдірушілер көп болды. «Нұр-Мубарак» ислам мәдениеті университетінің ректоры Абдель Гани Басиюни, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының Директоры, профессор Әбсаттар Бағысбайұлы Дербісәлі, Ресей мұсылмандар одағы төрағасының орынбасары Дамир Ваисович Мухетдинов, Ресей Ғылым Академиясының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Нәиля Ермұханқызы Бекмаханова, Ресей Ғылым Академиясы Шығыстану институтының аға ғылыми қызметкері Ниязи Азиз Шавкатович және Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек қажы және т.б. өз алғыстарын жеткізіп, сәттілік тіледі.

Қазақстандағы Египет елшілігінің білім беру және мәдениет істерінің Атташесі Хамдан Ибрагимнің сөзі бойынша, мұндай конференцияларды өткізу, мемлекеттер арасындағы байланысты одан әрі нығайта түседі және ислам әлемінің күшін біріктіре түседі.

Сондай-ақ ол Египет ислам мемлекеті Алматы қаласының 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары бойынша кандидатурасын қолдайтынын мәлімдеді. «Мен өз елімнің Алматы қаласының кандидатурасын қолдайтынына толық сенімдімін», - деп атап өтті Хамдан Ибрагим.

«Алматы ислам мәдениетінің 2015 жылғы астанасы» халықаралық конференцияның қорытынды жиналысы аяқталғаннан кейін қатысушыларға арнап қарар қабылданды. Ол бойынша келесі ұсыныстар жасалды: ислам әлемінде тарих пен мәдениет саласы бойынша терең және көлемді зерттеу жұмыстарын жүргізу; ислам гуманистік дәстүрінің тарихы мен мәдениетін рухани ислам әлеуетін насихаттау, мемлекеттер мен қоғамдардағы исламның рухани төзімділігінің тарихын қалыптастыру; әлемдік сарапшы ұйымдармен ынтымақтастық орнату және тұрақты диалогты дамыту, қоғамдық ұйымдар өкілдері, мемлекеттік органдар, ислам құндылығын сақтау мәселелері бойынша діни ұйымдар, инновациялық бағдарламаларды өндіру мақсатында ислам әлемімен байланыстар орнату, тарихтағы барлық уақыттар мен өркениеттер бойынша ұлы факторларды сақтау, ислам құндылығын дәріптеу мақсатында ғылыми-мәдени бағдарламалар мен ғылыми-танымдық шараларды жүзеге асыру,  Алматының ИЫҰ мемлекеттерімен байланысын кеңінен орнатуды қамтамасыз ету, ислам тарихы мен мәдениетін, дінін зерттеу аясында ұлтаралық және конфессияаралық, бейбітшілік және келісім негізіне Қазақстан Республикасының жүргізіп отырған тәжірибесін қолдану, ИЫҰ-на мүше елдердің ислам дінін дәріптеу мақсатында мәдени әлеуетін көтеру, оның ішінде бірқатар тәжірибелік өлшемдерді; халықаралық ғылыми-ғылыми және мәдени орталықтарды өткен Конференцияның нәтежиесі бойынша ақпарат беру, ғаламтор-кеңістіктерінде конференция жайында ақпараттарды орналастыру; ғаламтор-кеңістіктерді (электронды кітапханалар) Конференция тақырыбы бойынша заманауи ғалымдардың еңбектерімен толтыру, Конференцияға қатысушыларды өз елдерінде өткен конференция бойынша ғылыми-зерттеу және қоғамдық мәдени ұйымдарды ақпараттандыру.

Қарарды қабылдағаннан кейін ұйымдастырушылар қатысушыларға арнап мәдени бағдарламалар: «Медеу мұз айдынына» серуендеу, Қазақстан Республикасы Орталық Музейі мен Ә. Қастеев атындағы өнер музейіне экскурсия, ЮНЕСКО-ның тізіміне енген әйгілі археологиялық петроглифтер ландшафты Тамғалы шатқалына саяхат және «Қара шекпен» спектакльінің премьерасына шақырды.

Келген қонақтар мен қатысушылар конференцияны ұйымдастыру жұмыстарын жоғары деңгейде бағалап, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігін, Алматы қаласы әкімдігін және Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтына шексіз алғыстарын білдірді.