«Алматы ислам мәдениетінің 2015 жылғы астанасы» атты халықаралық конференциясы аясында көркемөнер көрмесі өтті.

02.03.2015 10:20 1778

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Алматы ислам мәдениетінің 2015 жылғы астанасы» атты халықаралық конференциясы аясында көркемөнер көрмесі өтті.

2015 жылдың 24-25 ақпанында Алматы қаласында «Алматы ислам мәдениетінің 2015 жылғы астанасы» атты халықаралық конференция өтті. Конференция барысында қазіргі заманның негізгі мәселелері талқыланды. Соның ішінде экономикалық және мәдени даму, адамзаттың ғаламдық тоқырауы, ислам мәдениетінің рөлі сынды маңызды тақырыптар қаралды. Жаһандануға қарсы тек мәдени құндылықтарды дамыту және сақтау жалғыз жол болып табылатыны жайлы сөздер қозғалған болатын.

Конференцияға қатысы бар бірнеше іс-шаралардың ішінде екі маңызды іс-шара болды. Бұл Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының түлегі Әбжанова Анараның Алматы қаласының тарихына арнаған көркемөнер көрмесі. А. Әбжанова шетелдерде өткен көптеген өнер көрмелеріне қатысқан. Бұл жас талант иесінің көрмесі Жапония, Италия, АҚШ, Франция елдерінде кеңінен танымал. Жастығына қарамастан Анараны жаңадан бастап жүрген суретші деп айтуға болмайды. Себебі оның шығармашылық стильі бұрыннан қайталанбас мәнге ие болған. Ерекше, ешкімге ұқсамайтын түстік үйлестірулер, табиғаттың жарқын көріністері, айқын стильдеу, кеңістікпен еркін үндестігі, түс пен пішінді тамаша үйлестіре алу – бұның барлығы жас Анараны басқа суретшілерден ерекшелендіріп тұратын қасиеті. Бірақ, оның өнерінің басты ерекшелілігі – декоративті айқын жарқындық емес, оның барлық туындылары позитивтік үйлесім,  ашық әлем, болашаққа бастар жарық жол іспеттес. Оның туындылары қуаныш пен бақытқа толы, шетелде және отанымызда мойындалған.

Сондықтан Алматыда өткен халықаралық конференцияда Қазақстанның атын шығарушы суретші ретінде Анараның таңдалуы да тегін емес.  Екінші іс-шара ол – Алматы қаласына арналған суреткөрмесі. Ол Алматыдағы Музей тарихының көмегімен жүзеге асты. 60-тан астам әр уақытқа жататын, ғажайып мұрағаттық суреттер, ХХ ғасырдың басынан бастап Алматы қаласының бүгінгі таңдағы көріністері бәйнеленген суреттер Алматының осы күнге дейін қалай дамығаны жайлы сыр шертеді. Суреттерде еңбек ерлері мен соғыс ардагерлері, жас балалар бейнесі, қалалық құрылыстар мен пейзаждар бар. Көрменің жалпы үндестілігі – қуанышты және жарқын, Қазақстан халқының ұлттық мінез-құлқын көрсететін ешқандай да күш ала алмайтын халықтың бейнесі айқын көрсетілген. Себебі адам құндылығын түсінген, сыйлай білген елді ешқандай да жау ала алмайтыны белгілі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев айтпақшы: «Қазақ халқының генетикалық белгісі болып ақкөңілдік және жан тазалығы, кімге болсада қашанда көмектесуге дайын. Ол ешкімге ешқашан жамандық ойламаған, ешқашан ұлтаралық қақтығысқа жол бермеген», - деген. Бұл тарихи фотокөрмеде өткен мен қазіргінің жарқын бейнесі белгіленген. Ал болашақ – жас суретші Анара Әжанованың туындыларында бейнеленген. Бұл екі ғажайып және қызықты көрмелер бірін-бірі толықтыра түсіп, біздің қаламыздың, біздің еліміздің, оның ұлы өткен тарихы мен таңғажайып келешегі қалыптасып келе жатқанын «Алматы ислам мәдениетінің 2015 жылғы астанасы» халықаралық конференциясына қатысушылар мен қонақтарға дәлелдеп берлі.

                                             Мақала авторы: Батурина Ольга - өнертану кандидаты