Мәдениет және спорт министрлігінің жанында мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың жаңа сұхбаттық алаңы жұмыс жасай бастады

20.03.2015 12:15 1328

 

 

Бұл топ Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің жанында вице-министр Марат Әзілхановтың төрағалығымен жұмыс жасайтын болады.

Жұмыс тобына танымал қоғам қайраткерлері Н. Ерімбетов, Е. Жовтис, М. Башимов, М. Дуамбеков, Б. Түменова, З. Батталова, Б. Ахметжанова және басқалары кірді. Сонымен қатар топ құрамына Еуро Одақ, ЮСАИД, «Сорос-Қазақстан» Қоры және т.б. халықаралық ұйымдардың өкілдері кіреді.

Топ құрылуының негізгі идеясы Қазақстандағы Үкіметтік емес ұйымдардың қызметін ұйымдастырушылық және нормативтік қамсыздандырудың өзекті мәселелері бойынша мемлекет пен қоғам белсенділерінің ынтымақтастығын кеңейту үшін жаңа сұхбаттық алаң құру болып табылады.

2015 жылға арналған жоспарларында топ мүшелері өз алдарына Үкіметтік емес ұйымдар үшін Гранттар мен Сыйақылар бойынша заң жобаларын жасақтау, гранттарды үлестіру мен оларды бөлу операторының жұмыс алгоритмін жасау, ҮЕҰ мәліметтерінің реестрін құру, ҮЕҰ әлеуметтік қызмет көрсетулердің стандарттарын дайындау мен басқалай міндеттерді қойып отыр.

        

по материалам: www.mk.gov.kz