Астанада «Мәңгілік ЕЛ – елдің біріктіруші күші» Қазақстанның шығармашылық зиялы қауымы Форумы өтті

30.03.2015 18:28 1491

  

2015 жылғы 30 наурызда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен «Мәңгілік ЕЛ – елдің біріктіруші күші» Қазақстанның шығармашылық қауымының Форумы өз жұмысын бастады. Форумның салтанатты ашылуы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сапарбаевтың қатысуымен «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрында өтті. Форумға республиканың түкпір-түкпірінен 200-ге жуық зиялы қауым өкілдері келді.   

Форум жұмысына көрнекті мәдениет, өнер, ғылым қайраткерлері, жазушылар, мәдениет, шығармашылық және білім ұйымдарының басшылары қатысты. Форум қатысушылары Мәңгілік ел жалпыұлттық идеясын дәріптеуде шығармашылық күшті біріктіру, Қазақстан Республикасының мәдени, рухани әлеуетін сақтау және дамыту, шығармашылық тұлғаларды, ұжымдарды, мәдениет және білім ұйымдарын, Қазақстан Республикасының мәдениеті мен дәстүрін сақтау және зерделеу жұмысында қолдау және ықпал көрсету керектігін бірінші кезектегі міндет етіп қойды.

Шара Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сапарбаевтың қатысушыларға арналған қошемет сөздерімен ашылды.

«Елбасы әлемнің 30 дамыған мемлекетінің қатарына ену міндетінің аясында қазақстандық мәдениет барлық ел азаматтары үшін патриотизмнің негізіне айналуы тиіс екендігін айтты. «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде Елбасы «Мәңгілік ел» тұжырымдамасының басты құндылықтарының негізінде ортақ болашақтың ұлтын құрудың маңыздылығын айтып өтті. Қоғамымыздың мәдени сантүрлілігінің жағдайында әлеуметтік бірлік пен келісімге қол жеткізуге міндеттіміз», - деді Б. Сапарбаев.

Сонымен қатар Премьер-Министрдің орынбасары мәдениеттің дамуына мемлекет ерекше мән беретіндігіне тоқталып өтті. Президент тапсырмасымен мәдениет саласын дамытуға бөлінетін қаражат жылдан-жылға артып келеді. Соңғы жыл ішінде қаражат көлемі 5 млрд-қа – шамамен 33 %-ға өсті. Жыл сайын барлық халықаралық стандарттарға сай келетін музейлер, кітапханалар, өзге де мәдени мекемелердің саны артып келеді.

Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы Елбасы негізін салған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының одан әрі қарай қалыптасуына мүмкіндік беретін салада болып жатқан өзгерістер, Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлерін зерделеу мен сақтаудағы тиімді шешімдер туралы сөз етті.

Зиялы қауым өкілдері көпұлтты еліміздің бірегей мәдени мұрасын сақтау мен көбейтудің, мәдени құндылықтарға азаматтардың еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету, халықаралық гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудың көкейкесті мәселелерін талқылауға ниетті.       

Форумда халық әртісі, Өнер университетінің ректоры А. Мұсаходжаева, «Казахстанская правда» республикалық газетінің басқарма төрағасы А.Ю. Тараков, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі А.Ә. Осман, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры А. Муминов және басқалар сөз сөйледі.

«Мәңгілік ЕЛ – елдің біріктіруші күші» шығармашылық зиялы қауым Форумының қорытындысы бойынша Қазақстанның шығармашылық зиялы қауым өкілдері Елбасы атына резолюция жіберді. Резолюцияда Қазақстан Республикасының шығармашылық зиялы қауымының «Мәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші» республикалық форумының қатысушылары өткізілген кездесудің маңыздылығы және Ұлт көшбасшысы Н. Назарбаев жариялаған қазақстандық қоғамды шоғырландыру кезеңінде «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының негізгі рөлі туралы ортақ шешімге келгендігі атап өтілді.

Құжатта «Біздің еліміз табысты және өркендеген болашаққа талпынады. Қазіргі таңда біз – шығармашылық зиялы қауымның өкілдері барлық қазақстандықтарды Тәуелсіздігіміздің нық тірегіне, сондай-ақ барлығымызды біріктіретін таусылмас бұлағына айналған «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының терең мағынасын түсінуіміз қажет» - деп атап өтілген.

Алдағы Қазақстан Республикасы Президентін сайлау қарсаңында Форум қатысушылары еліміздің зиялы қауым өкілдері атынан Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдайтындықтарын білдірді.

по материалам: www.mk.gov.kz