Шымкентте этникалық театрлардың Фестивалі өтеді

06.04.2015 09:25 1341

 

 

2015 жылдың 5-11 сәуір аралығында Шымкентте этникалық театрлардың ІІІ Республикалық фестивалі өтеді.

Фестивальдің мақсаты - елдің мәдени және тілдік әралуандығын сақтау, мәдениеттерді бірегей байыту, Қазақстан халқының ұлтаралық келісімі ментдиалогын нығайту болып табылады.

Шара барысында Т. Ахтанов, М. Байғұта, Ш. Орынбай, А. Ашири, Ж. Солтиева, Б. Брехт, және Б. Есеналиева сияқты отандық және қазіргі авторлардың қойылымдары ұсынылады.

Ал сахна төрінде ОҚО-тық орыс драма театры, М. Шанин атындағы ОҚО-тық қазақ драма театры, К. Кужамьяров атындағы мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедиялық театры, Республикалық мемлекеттік кәріс музыкалық комедия театры, Республикалық неміс драма театры мен ОҚО-тық өзбек драма теарларының актерлері өнер көрсетеді.

6-сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысының орыс драма театрында фестивальдің ресми ашылу салтанаты өтетін болады.

Көрермендер 6-9 сәуір аралықтарында күн сайын фестивальдегі барлық қойылымдарды тамашалай алады.Барлық көрсетілімдерге кіру тегін.

10-сәуір күні фестивальдің ресми жабылу салтанаты өтіп, этникалық театрлардың ІІІ - республикалық фестиваль жеңімпаздары марапатталды.

по материалам: mk.gov.kz