Жас қазақстандықтар Парижді тамсандырды!

07.04.2015 11:10 1294

 

 Париждің (Франция) Théâtre de Ménilmontant сахнасында «Дарындар салюты» жобасының аясында балалар шығармашылығының «Париж, мен сені сүйемін!» XXI Халықаралық фестиваль-байқауы өтті.

Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның көптеген қалаларынан келген жас дарындардың басын қосқан көлемді шарада еліміздің абыройын дарынды педагог Нина Григорьеваның оқушылары қорғады. Қатысушыларымыздың концертмейстері – Ольга Чечнева.

Беделді еуропалық қазылар алқасы отандастарымыздың өнерлерін жоғары бағалады. «Аспапты өнернама» номинациясында ұжымдар арасындағы бірінші орынға қазақстандық "Magic flute" ансамблі табан тіреді.

Орта жас тобында бірінші орынды Абдрахманова Амина, Құмарова Рахиля, Сартманов Мирас иеленді. Кіші топта Калимова Амина және Лигай Дарья бірінші дәрежелі лауреаттар атағына ие болса, Серік Сәулет, Түсенова Камилла, Сәрсенбекова Сәбина мен Кушнарева Дарья екінші орын дипломанттары атанды.

Астаналық сырнайшы Дарья Лигайдың өнері көрермендерге аса ұнаған болатын. Олар жас таланттың жарқын да дарынды өнер көрсетуін ду қол шапалақпен шығарып салды.

Фестиваль қатысушыларына арнап Лувр, Помпиду орталығының Қазіргі заман өнер музейі мен Эйфель мұнарасына саяхат ұйымдастырылды. Қатысушылардың сөзіне қарағанда, әйгілі Диснейлендке сапар олардың жадыларынан кетпес саяхатқа айналды.

 

        

по материалам: www.mk.gov.kz