Семейде қазақ қолөнері мерекесі өтті

07.04.2015 11:14 1346

 

 

Семейдің Невзоровтар атындағы бейнелеу өнері мұражайында үшінші аймақтық «Қазақ қолөнері мерекесі» фестивалі өтті. Қазақ хандығының 550-жылдығына орайластырылған шара облыстың танымал шеберлері мен қолөнершілерін, сондай-ақ қолөнердің әрқилы түрлерімен айналысатын әуесқойлардың басын қосты.

Мерекенің басты оқиғасына Невзоровтар атындағы мұражайдың экспозициялық залдарында орын алған шеберлер мен әуесқойлар өнімдерінің көрмесі айналды. Одан басқа, биылғы шараның бағдарламасына сәйкес Қазақстан ғана емес, шетелге танымал қол өнер шебері, зергер, қазақ қолданбалы өнер туындыларының топтамасын тиюшы Сержан Башировтың келуі ұйымдастырылды.

Көрме Серәлі Мұхаметсадықовтың шаңқобызда өнер көрсетуімен сүйемелденген авторлық әшекейлердің көрсетілімімен басталды. Сонымен қатар Баширов жоғары оқу орындардың, колледждердің шығармашылық мамандықтарының студенттерімен және қолөнер шеберлерімен кездесті.

Шара қонақтары М. Төлебаев атындағы колледж студенттерінің концертін тамашалап, «тоғыз құмалақ» және басқа да ұлттық ойындарына қатысты. Ең үздік шеберлер ШҚО ПРООН атынан құрмет грамоталары және бағалы жүлделермен марапатталды.

по материалам: www.mk.gov.kz