Астанада өтетін ІІІ халықаралық фестивалінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас пианистер бас қосады

08.04.2015 11:24 1708

 
 

 

Сәуірдің 24-30 аралығында классикалық музыканың ІІІ халықаралық фестивалі мен «Astana Piano Passion» Халықаралық жас пианистер байқауы өтеді. Аталмыш жобаның көркемдік жетекшісі - белгілі пианист Денис Мацуев.

«Astana Piano Passion» Халықаралық жас пианистер байқауы осымен үш жыл қатарынан өткізіліп отыр. Осы уақыт аралығында ұйымдастыру комитетіне алыс-жақын шетелдің 45 елінен 400-ге жуық өтініш келіп түскен. Байқауға қатысуға ниет білдірушілер саны жыл сайын артып келеді. Биылғы жылы байқауға алғаш рет Моңғолия, Македония, Норвегияжәне Финляндия елдерінің музыканттары қатыспақ.

Сонымен қатар, биылғы жылы тұңғыш рет"AstanaPianoPassion"байқауына француздық «Mezzo» телеарнасы қызығушылық білдіріп отыр. MezzoBackstage бағдарламасының түсірілім тобы Астанадағыбайқау өтетін концерт залдары туралы бағдарлама әзірлемек.

Байқаудың жалпы жүлде қоры 60 000 АҚШ долларын құрайды. Сондай-ақ, биылғы жылы бірінші жүлде иегерлеріне Chinggis&Ethan (Люксембург) баспа үйінен Рене Магритт, Матисс және Дали картиналарының литоргафиялары табысталмақ. Ал арнайы жүлделер иегерлері байқаудың көркемдік жетекшісі Денис Мацуевтың қолдауымен «Crescendo» (Псков қ. Ресей), «AnnecyClassic» (Анси қ., Франция); «Звёзды на Байкале» (Иркутск қ., Ресей) халықаралық фестивальдеріне қатыса алады. Жеңімпаздар Мәскеу Филармониясында және байқаудың келесі фестивалінде өз өнерлерін ортаға сала алады.

Қатысушылар өнерлерін халықаралық төмендегі әділқазылар алқасы бағалайды. Олардың құрамына Ресей Федерациясының Халық әртісі Денис Мацуев (Ресей), Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Төлеген Мұхамеджанов (Қазақстан), Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ректоры, ҚР Халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Жәния Әубәкірова (Қазақстан), әйгілі ресейлік пианист, педагог, Мәскеу консерваториясының профессоры, РСФСР Халық әртісі Сергей Доренский (Ресей), Ресейдің Еңбек сіңірген әртісі, П. И. Чайковский Мәскеу мемлекеттік консерваториясының профессоры Валерий Пясецкий (Ресей), белгілі израильдік пианист, дирижер және педагог Ари Варди (Израиль), зерттеуші, құрастырушы, новатор Паскаль Эсканде (Франция), танымал пианист, педагог, профессор, 2005 жылдан бастап Лондондағы Корольдік музыка колледжінің клавишті инструменттер бөлімінің жетекшісі Ванесса Латарш (Ұлыбритания) ілікті.

«Astana Piano Passion» байқауының салтанатты ашылу рәсімі және гала-концерт «Астана Опера» театрында сәуірдің 24 күні өтеді. Бағдарламада Ресей халық әртісі Денис Мацуев өнер көрсетеді деп күтілуде.

Байқау өскелең ұрпақты рухани тәрбиелеу үшін, классикалық фортепиано өнеріне баулып, олардың шығармашылық жолдарының қалыптасуының алғаш қадамдарына қолдау көрсету мақсатында өткізіледі. Байқауда 18 жасқа дейінгі жас пианистер мен бастауыш, орта және жоғары музыкалық білім ордаларының оқушылары қатыса алады.

Байқау ұйымдастырушылары: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласы әкімдігі және «AccordidiAstana» қоғамдық қоры.

по материалам:  www.mk.gov.kz