16 сәуірде «Электрондық каталог» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің тұсаукесерін өтеді

11.04.2015 17:45 1614

 

 

2015 жылғы 16 сәуірде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Археография және деректану ұлттық орталығы» РММ «Электрондық каталог» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің тұсаукесерін өткізеді.

«Электрондық каталог» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында Армения, Египет Араб Республикасы, Түркия, Франция, Венгрия, Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Ресей, Қытай, Монғолия, Иран, Испания, Италия, Ватикан, Польша, Өзбекстанның мемлекеттік мұрағаттарынан, ғылыми мекемелерінен және кітапханаларынан анықталған сирек кездесетін бірегей мұрағаттық  құжаттардан тұрады.  

Бұл жүйе Қазақстан тарихына қызығушылық тудыратын ғалымдарға, зерттеушілер мен қолданушыларға бірегей мұрағаттық құжаттармен Орталықтың www.ncai.kz  интернет-ресурсы арқылы онлайн режимде танысуға мүмкіндік береді. 

по материалам: www.mk.gov.kz