Людмила Крючкова: Біз – түрлі театрлар мен ұлттардың өкілдері – бір сахналық алаңда керемет тіл табысудамыз

14.04.2015 15:56 1313

 

 

25 сәуір күні Қазақстан ұлттар театры Астананың Бейбітшілік пен Келісім сарайының сахнасында Дулат Исабековтың «Бақыт құсы» пьесасының жаңа қойылымын сахналайтын болады. Бұл оқиғаға орайластырылған Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісінде М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры әртісі Людмила Крючкова Қазақстан түрлі ұлт өкілдерінің ортақ жұмысы туралы баяндаған болатын.

 «Сіздерде түрлі шығармашылық ұжымдардың, әртүрлі тілде сөйлейтін ұлт өкілдері бір сахнада, бір қойылымда қалай тіл табысып жатқандығы туралы сауал туындайтын шығар. Керемет тіл табысудамыз деп айта аламын! Өйткені біздің ара-қатынастарымызда ана сүтімен сіңген бауырластық сезімі бар», — деді Л. Крючкова.

Сонымен қатар ол «Бақыт құсы» секілді пьеса ортақ тағдырмен бас қосып жатқан түрлі ұлт өкілдері бейбітшілік пен келісімде тұрып жатқан Қазақстанда ғана пайда болуы мүмкін деген ойымен бөлісті.

 «Плакатты емес, әрбіріміздің жүрегінде орын тауып жатқан қойылым біздің тату-тәтті мемлекетімізде ғана пайда болуы мүмкін», — деп сөзін аяқтады әртіс.

по материалам: www.mk.gov.kz