Любовь Ни: Мәдениет министрлігі бізді өз қамқорлығына алды!

14.04.2015 15:56 1299

 

 

14 сәуір,  2015. Астана. - Бізді қамқорлығына алғандығы үшін Мәдениет министрлігіне алғысымыз шексіз, - деді ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі Дулат Исабековтың «Бақыт құсы» пьесасының жаңа қойылымына арналған брифингте Қазақстан Ұлттар Театрының көркемдік жетекшісі Любовь Ни.

«Театрдың басты мақсаты – еліміздің барлық ұлттық театрларының күшін біріктіру арқылы Қазақстан барлық ұлттар және мәдениет өкілдеріне шығармашылық потенциалын жүзеге асыруға мүмкіндік беру болып табылады», - деп баса айтты Қазақстан Ұлттар Театрының директоры. – Ұлт ерекшеліктерімізге қарамастан, барлығымыз өте ыстық және қамқоршы елде өмір сүріп жатырмыз. Барлығымыздың отбасыларымыз бар, барлығымыз өзара доспыз. Ұлттар Театрының сахнасында халқымыздың басты күші – достығы мен бірлігін көрсеткіміз келеді. Президентіміз айтқандай, «Еліміз – бір, тағдырымыз да - бір».

Қазақстан Ұлттар Театры «Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуметтік консорциумы» Қоғамдық қорымен құрылды. Театрды құрудағы басты идея – әрқилы мәдени тәжірибе арқылы халқымыздың рухани бірлігін көрсету. Театрдың сахнасында қазақстандық мәдениеттің жарқын көптүрлілігін білдіретін отандық авторлардың ғана қойылымдары көрсетілетін болады. 

«Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауы мен, ең бастысы, бізді қамқорлықа алған Мәдениет министрлігінің белсенді қатысуының арқасында Ұлттар Театры Елбасы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының идеяларын жүзеге асырушы күшке айналады деп ойлаймын», - деп қосты Театр басшысы.

Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын Қазақстан Ұлттар Театры танымал қазақ драматургы Дулат Исабековтың «Бақыт құсы» пьесасының қойылымымен атап өтуге бел буды.

«Қазақстан Ұлттар Театры мен «Бақыт құсы» пьесасының авторы арасындағы қарым-қатынастарының тарихы бар деуге болады. Бірнеше жыл бұрын біз бұл пьесасының алғашқы қойылымын Астана және Алматы қалаларында сәтті өткізген болатынбыз. Алайда уақыт бір орнында тұрмайды, әлем өзгеруімен біз де өзгерудеміз. Пьесаның жаңа қойылымы – бүгінгі күнмен сәйкестірілген жаңғырған спектакль болып табылады», - деді Любовь Ни.

Еске салып кетсек, сәуірдің 25 күні Астана қаласының Бейбітшілік және Келісім сарайында танымал жазушы Дулат Исабековтың «Бақыт құсы» пьесасы жаңа қойылымының тұсаукесері өтеді. Қойылымдағы рольдерді Астана қаласының «Жастар» театры, М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры және Қ. Қожамияров атындағы Мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театрының жетекші әртістері сомдайды. 

по материалам: www.mk.gov.kz