Қазақ Хандығының 550-жылдығына арналған ресми сайт құрылды

21.04.2015 14:10 1375

 

 

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған www.550kazakhan.kz ресми сайтын іске қосты.

 «Қазақ хандығының 550-жылдығы» сайты Қазақ хандығының тарихын насихаттайтын маңызды ақпараттық-танымдық дерек көзіне айналуға тиіс.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев айтып өткендей, бұл ерекше мерейтойды атап өту барлық қазақстандықтар үшін, әсіресе өскелең ұрпақты жаңа қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуде ерекше мәнге ие.

Жаңа ресурс мәдени-ағартушылық және тарихи сипатқа ие болып, Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюын оқып-зерттеуде қызығушылық танытатын қолданушылардың ірі топтарына арналған. Интернет-жобаның негізгі аудиториясы мемлекетіміздің тарихын білуге ұмтылатын жастар болып табылады.

Қазақ хандығының 550-жылдығы тақырыбындағы барлық материалдар Қазақ хандығы, Тәуелсіздік, Жаңалықтар, Іс-шаралар жоспары, Киножобалар, Бейнеблог және Мәдени мұра бөлімдерінде орналастырылған.

Қазақ хандығы құрылуының интерактивті модулі қолданушыға даму тарихымен мультимедиялық форматта танысуға мүмкіндік береді.

Қазақ хандығы бөлімінде қолданушылар назарына қазақ хандарының генеалогиясы, Ұлттық музейдің қорынан алынған қазақ халқының XV- XVIII ғасырлардағы рухани және материалды мәдениетіне жататын артефактілер, документалды жаңалықтар мен тарихи зерттеулер, Қазақ хандығының құрылуы туралы отандық және шетелдік жетекші ғалымдардың ғылыми жұмыстары ұсынылады.

Тәуелсіздік бөлімінде егеменді Қазақстанның дамуы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тәуелсіз, жан-жақты дамып және көркейіп жатқан мемлекеттің құрылуындағы рөлі туралы ғылыми-көпшілік мақалалар орналастырылады.

Жаңалықтар бөлімі Қазақ хандығының мерейтойын тойлау аясында өтетін халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар, патриоттық акциялар, зерделік ойындар мен олимпиадалар, фестиваль және көрмелер туралы баяндайды.

Киножобалар бөлімінде «Қазақ елі" анимациялық фильмі, «Қазақ хандығына 550 жыл» документалды фильмі және «Қазақ елі" тарихи-драмалық телехикаяның түсірілімдері туралы ақпаратты табуға болады. Сонымен қатар бұл жерде қолданушылар осы уақытта-ақ Қазақ хандығы туралы фильмдерді, «Мәңгілік ел» ұлттық тарихқа арналған документалды, көркем және анимациялық фильмдердің хикаялық циклдерін түсіру процестерінің жұмыс кадрлерін көруге болады.

Интернет-ресурстың Бейнеблогында патриоттық бейнероликтердің бейнематериалдары, ғылыми-танымдық телебағдарламалар мен документалды фильмдер ұсынылған.

Одан басқа, сайт беттерінен Қазақ хандығының 550-жылдығы аясында өткізілетін Үкіметпен бекітілген Іс-шаралар жоспарымен танысуға болады. Жалпы алғанда Қазақ хандығының мерейтойын атап өту аясында 2015 жылдың аяғына дейін республиканың барлық аймақтарында 100-ден аса ірі шаралар ұйымдастыру көзделген.

Халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін, ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру, ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау, мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды көздейтін мемлекеттік бағдарлама туралы барлық ақпарат алу үшін сайт басты бетіндегі Мәдени мұра сайтына сілтеме арқылы өту қажет.

по материалам: www.mk.gov.kz