ҚР Ұлттық музейі Мәскеуде «Біз нацизммен бірге күрестік» көрмесін ұсынады

28.04.2015 10:41 1352

 

  

2015 жылғы 28 сәуірде Мәскеу қаласындағы Ұлы Отан соғысының Орталық музейінде «Біз нацизммен бірге күрестік» атты халықаралық жоба аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің көрмесі өтеді.

Көрмеде қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы ерен ерлігі, жеңіске қосқан өлшеусіз үлесі жайында баяндалатын жәдігерлер қойылмақ. Көрме 3 бөлімнен тұрады.

Олардың ең ірісі болып табылатын «Қазақстан соғыс жылдарында» бөлімі фотосуреттер, мұрағат құжаттары, газет беттерінен қиындылар, қазақстандық дивизиялардың соғыс жолдарының карталары секілді тарихи материалдарды қамтитын 6 стендтан тұрады: «Соғыстың басы. Дивизиялардың жасақталуы», «Қазақстандықтар соғыс майданында», «Қазақстан – майдан арсеналы», «Тыл еңбеккерлерінің Жеңіске қосқан үлесі», «Даңқ шоқ жұлдызы» және «Батырлар даңқы мәңгі өшпейді! Бұл – өлілерге емес, Бұл –тірілерге керек!».

2 бөлімнің көрме экспозициясына соғыс ардагерлерінің жеке заттары, хаттары, маршал Сталиннен алған алғыс хатары, ордендері мен медальдары, Сталиннің «О Великой Отечественной войне Советского Союза» атты брошюрасы, Ақмолада (Астана) жасақталған дивизиялардың тулары және т.б.қойылған.

3 бөлімдегі «Қазақстан – майданға!» инс

по материалам: mk.gov.kz