Абайдың қорық-мұражайындағы Достық фестивалі

30.04.2015 09:35 1637

  

Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 170 жылдығына орай «...Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...» атты Достық фестивалі қазақ және орыс тілдерінде ұйымдастырылды.

Фестивальда Абайдың «Көзімнің қарасы» орыс тілінде, «Бойы бұлғаң», «Алланың өзі де рас, сөзі де рас», «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат». ағылшын тілінде, «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» араб тілінде, «Желсіз түнде жарық ай». Моңғол тілінде, Төртінші қарасөз орыс тілінде, Алтыншы қарасөз қытай тілінде, «Қараңғы түнде тау қалғып» қазақ, орыс және неміс тілінде, қорей, татар тілінде оқылып, Абай әндерінен попури шырқалып, , әр ұлттың өзіне тән өнерлері көрсетілді. Ұлы ақынның әлем тілдеріне аударылған шығармалары және басылымдары хақында толық мағлұмат берілді.

Фестиваль барысында Абай қорық мұражайының директоры Ж.Әубәкір, қалалық достық үйінің директоры А.Тлеубаев, ардагер Х.Матаев, Ұлттық орталықтардың өкілдері сөз сөйледі.

Айтулы мерекеге қаланың зиялы қауым өкілдері, өнер қайраткерлері, қалалық Достық үйінің ұлт өкілдері, студенттер, қала қонақтары қатысып, өз ризашылықтарын білдірді.   

по материалам: www.mk.gov.kz