Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына ұсынады

04.05.2015 09:28 1434

 

 

4 мамыр, 2015. Астана. Бүгін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету рәсімі өткізіледі. Салтанатты іс-шараның бағдарламасына № 17 мектеп-гимназиясының оқушыларының орындауындағы «Ұлы Жеңіс — ұрпаққа аманат!» мюзиклі мен музей қорынан «Жеңіс Ізбасарлары» көрмесінің ашылуы енді.

Сұрапыл соғыста жеңіске жету жолында миллиондаған адамның өмірі қиылды, сондықтан адамзат өткен соғыстың құрбандарын жақсы біледі және Бейбітшіліктің бағасын ерекше түсінеді. Содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтті, дүниеге жаңа ұрпақ келді. Олар үшін Ұлы Отан Соғысы — алыста қалған тарих. Дегенмен, соғыста жанын бергендер мен басынан өткізгендер алдындағы ар-намыс пен міндет біздің мемлекетіміздің жылнамасындағы қайғылы ерлікке толы беттерді ұмытуға мүмкіндік бермеуі керек.

Қахарман қонақтардың құрметіне Музейдің мәдени-білім беру қызметі аясында серіктестерімен бірлесе отырып, Қазақстандық солдаттар — Кеңестік Одақтың батырлары: Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, генерал-майор И. В. Панфилов бастаған 316-атқыштар дивизиясының батырларына арналған «Ұлы Жеңіс — ұрпаққа аманат!» мюзиклі дайындалды. Астана қаласы № 17 мектеп-гимназиясының оқушылары Ұлы Жеңіс тарихының беттерін парақтау барысында ерлік пен елдік, отансүйгіштік пен махаббатқа толы соғыстың отты жылдарын баяндайды.

«Жеңіс Ізбасарлары" атты Музей қорынан ұйымдастырылған көрмесінде сұрапыл соғыстың салқынын көрген, батырлық пен ерліктен жаралған рухының қаһармандық қасиеттері мен айбынды ардагерлердің даңқын айғақтайтын оқиғалардан бастау алады. Экспозицияда көпшілік қауымның назарына Тәуелсіздікке айналдырған Қасиетті Қазақ Елінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қазіргі кезеңдегі Қазақстанның Қарулы Күштерінің негізін салушы ретінде қол жеткізген жетістіктері: Қазақстанның әскерлері мен әскери құрылымдары-қауіпсіз қорғаны; ядролық әлеуеттен бас тартқан қазақ елі; мемлекеттік шекараны межелеу — ең маңызды саясаттың бөлшегі; Қазақстанның әскери оқу орындары-білікті мамандар мектебі; Жоғарғы Бас Қолбасшының бастауымен Қарулы Күштер дамуының одан ары болашақ белестеріне қадам басуы жайлы музейлік құндылықтар,фото-бейне материалдар мен мұрағаттық құжаттар ұсынылды.

Кешенде: Ұлы Жеңістің пырағын бейбітшілік шырағына айналдырып, бақыт бәйтерегіне байлам қылған, соғыс ардагерлері және Мәскеудегі Қызыл Алаңда Ұлы Жеңістің шеруіне қатысқан шетелдік делегациялар мен тәуелсіз Қазақстанның қазіргі таңдағы Қарулы Күштері туралы материалдар көрменің басты тақырыптарына арқау болды.

Көрме қонақтарының қатарында Астана тұрғындары мен қонақтарынан бөлек, Қазақстанның Қарулы Күштері саласындағы жас ұрпақтың өкілдері ерлік пен жасампаздыққа толы ардақты ардагерлердің өнегелі өмірлерінен үлгі болар музей қорындағы рухани құндылықтардың сабақтастығымен жақынырақ таныса алады.

по материалам: www.mk.gov.kz