ҚР Мәдениет және спорт министрінің Жеңіс күнімен құттықтауы

06.05.2015 10:37 1484

Ардақты ардагерлер!

Сіздер Ұлы Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Жеңіс күні біз үшін ерекше ыстық. Осы қасиетті мереке күні біз еліміздің еркіндігін ерлікпен қорғаған жеңімпаз сарбаздар мен Ұлы Жеңіс үшін аянбай еңбек еткен тыл еңбеккерлерді құрметтеп, олардың алдында бас иеміз. Соғыс майданының алдыңғы шептеріндегі жауынгерлердің алдында өнер көрсеткен батыл әртістерді де еске аламыз.         

Отан үшін сіңірген ерен де қажырлы қызметіңізге деген біздің шексіз алғысымыз еш уақыт сарқылмас. Майдангерлердің батылдығы мен тыл еңбеккерлерінің шексіз берілгендігі ел тарихына алтын әріптермен жазылған. Сіздердің өжеттілігіңіз бен патриоттық рухыңыз өскелең ұрпақ үшін Отанға деген шексіз сүйіспеншілік, ер жүректілік пен парызға деген адалдықтың жарқын үлгісі бола алады.

Құрметті Ұлы Отан соғысына қатысушылар, ардақты тыл еңбеккерлеріне тағзым етеміз! Сіз және сіздің жанұяларыңызға ұзақ ғұмыр, бақыт, денсаулық пен әл-ауқаттылық тілейміз. Әр қазақстандықтың шаңырағында бейбітшілік пен тыныштық орнасын!    

Құрметті Отан қорғаушылар!  Бүгінгі үнемі өзгертпелі де күрделі әлемде мемлекетімізге жоғары кәсіби әскер қажет. Сіздердің кәсіпқойлығыңыз, батылдығыңыз бен ер-жүректілігіңіз – Қазақстан Республикасы жарқын болашағының негізі!

по материалам: www.mk.gov.kz