Қазақстан мәдениет және спорт министрі ТМД елдерінің Парламентаралық Ассамблеясының «Содружество» орденімен марапатталды

06.05.2015 11:09 1432

 

6 мамыр, 2015. Астана. Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында Қазақстан мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ТМД елдерінің Парламентаралық Ассамблеясының «Содружество» орденімен марапатталды. Парламентаралық Ассамблеяның құрмет белгісін Мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыпов табыс етті.

Парламентаралық Ассамблеяның жоғары марапаты қазақстандық ведомстваның басшысына мемлекетаралық органның қызметіне белсенді қатысуы, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің халықтары арасындағы достықтың күшеюіне қосқан үлесі үшін табысталды.

Еске салып кетсек, ТМД мемлекеттерінің Парламентаралық Ассамблеясы –өзара мүдделерге қатысты мәселелер бойынша Достастық елдері ұлттық парламенттерінің ортақ ұсыныстарын дайындап,ТМД мүше-мемлекеттерінің парламенттік ынтымақтастығын жүзеге асыратын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мемлекетаралық органы. 1992 жылы Алматы қаласында негізін қалаушы парламенттер қол қойған Келісімге сәйкес құрылған болатын.

по материалам: www.mk.gov.kz