ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Ұлы Отан соғысы ардагерін мерекемен құттықтады

08.05.2015 09:44 1562

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұлы Жеңіс мерекесінің қарсаңында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қызметкерлері соғыс ардагерін, астаналық Дмитрий Петрович Комаровты құттықтады.

Дмитрий Петрович Ұлы Отан және орыс-жапон соғыстарының қатысушысы. Ол өзінің спорттық-қоғамдық еңбегімен отандық спорттың дамуына зор үлес қосып, бұқаралық спортты насихаттауға белсенді қатысты. Соғыс кезінде Отанына, халқына деген сүйіспеншілігінің арқасында ерлік пен рух күштілігінің жарқын үлгісін көрсете білді.

Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов ардагерді Министрлік ұжымы атынан құттықтап, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр мен ашық аспан тіледі.

по материалам: www.mk.gov.kz