Жарнамалық копирайттардың мемлекеттік тілдегі сапасын жақсарту бойынша Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті.

06.05.2015 10:05 1645

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015 жылдың 6 мамырында Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтында Қоғамдық кеңестің жарнама бойынша бірінші отырысы өтті. Жиынның мақсаты визуалды ақпарат құралы ретінде Алматыны мемлекеттік тілді қолданудағы үлгілі қала ету. Отырыс бұрындары өткізілген «дөңгелек үстелдер» «Қалалық ортадағы қазақ тілі» және «Жарнамадағы қазақ тілі» тақырыптарының қорытындысы ретінде өтті. Яғни, мемлекеттік тілдегі визуалды ақпараттар және жарнамалық копирайттарды жақсарту үшін барлық қызығушылық танытқан тараптардың мәселелері қаралды.

Жиын жұмысына Аламаты қаласы әкімдігінің өкілдері: ономастикалық жұмыстар бөлімінің жетекшісі О.К. Қалабай, тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Е.Н. Байназаров, мұрағаттар мен құжаттамалардың бас маманы М. Досжанова, «Мэлс Ержанова» ЖФ директоры, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институының ғылыми қызметкері З.М. Ержан, «Kazakh  -  TV» тілшісі З.З. Закан, қоғам қайраткері Б.К. Қияшева, «Leader Lingvo» аударма агенттігінің директоры С.К. Қойлыбаева қатысты.

Жиналыс барысында сапаны арттыру бойынша келіп түскен үш үлгі қарастырылды.

Қазіргі уақытта Кеңеске қатысуға дайын мамандар мен жарнама беруші жарнамалық агенттіктер мен компаниялардың өзара әркет ету жүйесі ойластырылуда.

Аталмыш жағдайдағы мемлекеттік тілдегі копирайттарды сапалы дамытудың ерекшелігі болып оған мамандардың риясыз және белсенді қатысуы. Бұл, орын алған мәселені хабарлап, асарласу әдісімен шешу.

 Жарнама бойынша Қоғамдық кеңеске қатысуға барлық қазақ тілді мамандарға есік әрдайым ашық.