ҚР Ұлттық музейі мен Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты және Мемлекеттік Эрмитаж арасында ынтымқтастық туралы келісім-шартқа қол қойылды.

12.05.2015 16:09 1736
  • rally1
  • rally2
  • rally3
  • rally4
  • rally2

2015 жылдың 20 наурызында Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі ҚР Ұлттық музейі директоры Д. Мыңбай тарапынан, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының Бас директоры А. Хазбулатовтың тарапынан және Мемлекеттік Эрмитаж (Санкт-Петербург қ, Ресей Федерациясы) Бас директоры М. Пиотровский тарапынан ұсынылған ғылыми-зерттеуді жүзеге асыру, мәдени-ағартушылық және білім беру жайында ынтымақтастық туралы үш жақты келісім-шартқа қол қойылды. Ынтымақтастық бағдарламасына кіреді:

-          мәдениет пен тарих, археология, мәдениеттану, музейтану, қайта қалпына келтіру салалары аясындағы ғылыми қызметкерлер мен суретші-қайта қалпына келтірушілерді арнайы консультациялық және ғылыми оқытуға жіберу;

-          тарихи-мәдени, музейтану, қайта қалпына келтіру және консервация мәселелері бойынша ғылыми конференциялар, семинарлар, лекциялар, дөңгелек үстелдер (материалдарды жариялау);

-          Мемлекеттік Эрмитаждағы туындылар жинағын Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне көрме ұйымдастыру;

-          Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі туындылар жинағын Мемлекеттік Эрмитажға немесе Ресей Федерациясындағы Мемлекеттік Эрмитаждың орталықтарында көрме ұйымдастыру.

-          балалар мен жасөспірімдерге, орта және жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған арнайы мәдени-ағартушылық пен білім беру жобаларын жасау.

Ресей мен Қазақстан әлемдік мәдени мұраны сақтау мен зерттеуге құлшыныс танытып отыр. Сонымен қатар азаматтарға Мемлекеттік Эрмитаж бен Қазақстан музейлерінде сақталған жәдігерлермен танысуға мүмкіндіктер жасауда.

Қазақстан әлемдік мәдениет пен өнер ескерткіштеріне. Сондай-ақ Ресей мен Қазақстан үш жақты ынтымақтастық жөніндегі келісім-шартты жүзеге асыруда ғылыми және қайта қалпына келтіруші кадрларды дайындауда, мәдени және ғылыми байланыстарды орнатуды кең ауқымды түрде кеңейтеді. Ресей мен Қазақстан мамандарының өзара тәжірибе алмасу және тікелей байланысты дамытуға ерекше мән берілген.

Келісім-шарт ертеректегі жайлы қарым-қатынастардың жалғасуы болып табылады және Қазақстан мен Ресей және Эрмитажбен Қазақстан музейлері арасында тарихи тұрғыда мәдение байланыс пен жаңа тәжірибе алмасу болып табылады. Ресей үшін де, Қазақстан үшін де қол қойылған аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруда, адамдардың мәдениет пен өнерге қызығушылықтарын арттырып, жаңа тәжірибе алуға және екі елдің бірлігін нығайта түспек. Евразиялық экономикалық одақтың екі мүше-мемлекеттері арасындағы үш жақты келісімді жақын арада іске асыру арқылы музейлер арасындағы біріккен қызықты жобаларға бастама болатыны анық