ҚазҒЗМИ-дің Бас директоры мен Қазақстандағы Италия Елшілігі Әскери Атташесінің кездесуі

13.05.2015 12:31 1524

2015 жылдың 13 мамырында ҚазҒЗМИ-дің Бас директоры А. Хазбулатов Қазақстандағы Италия Елшілігі Әскери Атташесі, генерал-майор Винченцо Мауджери мен кездесті.

Іскерлік кездесу барысында 2015 жылдың 7 маусымында Италия Елшілігі «Қазақстандағы Тушиа» атты атпен жүру іс шарасын  Астана қаласындағы «Алтын Тұлпар» спорт кешенінде өткізетінін, оған отандық «Алтын Тұлпар», «Тұлпар» клубтарының спортшылар қатысатынын Әскери Атташе мәлімдеді. Қазақстандық спортшылар дәстүрлі  италияндық командамен күш сынасатын болады. Италияндық команда «Маремма Шабандоздары» Ассоциациясынан құралған, оларда қазақ халқы секілді дәстүрлі  табындармен айналысып келеді. Іс шараның есігі барлығына ашық. Осыған орай В. Мауджери А. Хазбулатовқа құрмет көрсетіп, аталмыш мәдени-спорттық іс шараны ұйымдастыру бойынша қолдау көрсетуін өтінді.

А. Хазбулатов Әскери Атташемен кездесудің соңында аталмыш конкурсты ұйымдастыру бойынша көмек көрсететінін айтты. Осындай мәдени-спорттық іс шараларды өткізу екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты бекіте түсумен қатар, елдегі жылқы жарысының дамуына әсерін тигізетіні анық.