ҚазҒЗМИ Бас директорының орынбасары Челябинсктен келген делегациямен ресми кездесу өткізді

14.05.2015 17:31 1501

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015 жылдың 14 мамыр күні ҚазҒЗМИ Бас директорының орынбасары Арлен Төлеш Челябинск мемлекеттік мәдениет және өнер академиясының делегациямен ресми кездесу өткізді. Кездесу барысындағы басты мақсат ҚазҒЗМИ мен Академия арасында білім беру саласы бойынша ынтымақтастықты орнату және нығайту мәселелері қарастырылды.

Еске сала кетейік, Челябинск мемлекеттік мәдениет институты (қазіргі уақытта Челябинск мемлекеттік мәдениет және өнер академиясы) 1967 жылы 20 қарашада КСРО Министрлер Кеңесінің № 1062 қаулысына сәйкес Ресей Федерациясы мәдениет Министрлігінің 1968 жылғы 24 қаңтардағы   № 35 жарлығына сәйкес құрылған. Академия аймақтық жоо ретінде Челябинск, Қорған, Орынбор, Свердловск, Түмен облыстары, Башқұртстан Республикасы және Ресей Федерациясының өзге жерлерінен жоғары мамандандырылған мамандарды дайындайды. 40 жыл ішінде жоғарғы оқу орны 20 мыңнан астам мәдениет пен өнер саласының мамандарын даярлап шығарған.

Кездесу соңында екі тарап мәдениет пен өнер салалары аясындағы қызметкерлерді білім беру бойынша ортақ келісімді дамытуға уағдаласып, естелік кітаптар мен алмасты.