Ұлттық музейде Халықаралық музейлер күніне арналған шаралар өтеді

15.05.2015 00:00 1530

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15 мамыр, 2015. Астана. Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Халықаралық музейлер күніне орай ауқымды іс-шаралардың кешені басталады.

Мерекелік шаралар аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «ҚХА – 20 ізгі іс» эстафетасының нышаны – Тайқазан салтанатты түрде музей қорына табыс етіледі. Сондай-ақ, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған деректі фильмдер, басқа да құнды туындылар топтамасын музейге сыйға тартады. 

Шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының басшылығы мен мүшелері, ғылыми-сараптамалық кеңесінің және мемлекеттік органдар мен этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері қатысады.

Мерекелік шара барысында Ұлттық музейдің алдындағы алаңқайда кәсіби би ұжымдары мен еріктілердің және моберлерден құралған 300-ден астам адамның қатысуымен флэшмоб өтеді. Онда Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы және еліміздегі музей ісінің өткені мен бүгіні театрландырылған қойылым арқылы сахналады.

Қойылым кезінде Қазақ хандығының тарихынан сыр шертіліп,  «Мәңгілік ел» идеясы насихатталады. Сақ жауынгерінің киімдерін киген жастар сап түзеп, елге, жерге қорған болудың жарқын үлгісін көрсетеді.

по материалам: www.mk.gov.kz