Әзірбайжанда Мәдениетаралық сұхбаттың бүкіләлемдік форумы өтуде

19.05.2015 14:17 1437

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

19 мамыр, 2015. Бакуде (Әзірбайжан) Мәдениетаралық сұхбаттың 3-ші бүкіләлемдік форумы өтуде. Форум жұмысына ЮНЕСКО және Білім, ғылым және мәдениет бойынша ислам ұйымының (ИСЕСКО) басшылары, әлемнің 100-ден аса мемлекетінен келген саяси, шығармашылық және ғылым зиялы топтардың өкілдері атсалысып жатыр. Өркениетаралық сұхбаттың жаһандық алаңына Қазақстан атынан мәдениет және спорт вице-министрі Ғ. Ахмедьяров қатысуда.

Отырыстар барысында халықаралық сарапшылар — мемлекеттік органдардың басшылары, халықаралық ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілері мен қызметкерлері, ғалым, мамандар мен т. б. — мәдениетаралық сұхбаттың басқару, саясат және тәжірибенің концептуалдық негіздеріне байланысты мәселелерін талқылап жатыр. Сонымен қатар талқылау бағдарламасына мәдениетаралық негізде жаңа бастамаларды құрылымдау, заманауи тәжірибемен алмасу мүмкіндіктерін жүзеге асыру мәселелері кіреді.

Форум қатысушылары алдында сөйлеген сөзінде мәдениет және спорт вице-министрінің орынбасары Ғалым Ахмедьяров мемлекеттер мен халықтар арасындағы мәдениетаралық сұхбаттың жаһандық және жергілікті шиеленістерді, лаңкестік, экстремизм мен сепаратизмді алдын алудағы ерекше маңызына тоқталып өтті. Ол әртүрлі этностар мен конфессиялардың еркін, бейбіт және теңқұқықылы өміріне тиімді жағдай жасаудағы Қазақстан тәжірибесі туралы баяндады.

«Аумағында 130-дан аса этнос өкілдері тұрып жатқан Қазақстан Республикасы үшін мәдениетаралық сұхбат ерекше мәнге ие. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақстандық қоғаммен қатар, шетелдік әріптестермен өзара байланыста да үйлесімді қарым-қатынас орнатуға бет алған болатын», — деді ол.

Қазақстанда тұрып жатқан барлық этностар мен конфессиялардың ұлттық бірлігі мен ынтымақтығы, достығы мен өзара келісімінің арқасында еліміз жоғары қарқынмен дамып, өз алдына жаңа батыл мақсаттар қойып отыр. Қазақстан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі секілді жаһандық бастамалардың бастаушысына айналды.

Сонымен қатар вице-министр Қазақстанның Еуропа мен Америка, Азия және Африка, мұсылман әлемі аймақтары мен мемлекеттерінің арасындағы ынтымақтастықтың кеңеюіне одан әрі қолдау көрсетуді, соның ішінде ЮНЕСКО және Өркениеттер альянсы шеңберінде, мақсат етіп қоятындығы туралы айтты.

Еске салып кетсек, 2009 жылы негізі қаланған Мәдениетаралық сұхбаттың бүкіләлемдік форумы Мәдени ой білдіру көптүрлі нысанын қорғау және қолдау туралы ЮНЕСКО Конвенциясы (2005 ж.), Мәдени көптүрлілік туралы ислам декларациясы (ИСЕСКО, 2004 ж.), Еуропа Кеңесі мемлекеттері мен үкіметтері басшыларының Үшінші саммитінің Декларациясы мен Іс-қимылдар жоспары, Еуропа Кеңесінің «Ақ кітабы» (2008 ж.), сонымен қатар мәдениетаралық сұхбатқа қолдау көрсету Баку Декларациясы бекіткен өркениетаралық байланыстардың негізгі қағидаларын жүзеге асырудың тиімді құралына айналды.

Мәдениетаралық сұхбаттың бүкіләлемдік форумының Әзірбайжанда өткен бірінші (2011 ж.) және екінші (2013 ж.) отырыстарының нәтижелері бойынша қатысушылар Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының жаһандық күн тәртібінің негізгі мәселелері аясына мәдениетаралық сұхбат пен мәдени көптүрліліктің қосылуына қол жеткізді.

по материалам: mks.gov.kz