Солтүстік Қазақстан облысында мәдениет және өнер қайраткерлерін марапаттау рәсімі өтті

25.05.2015 15:05 1561

 

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов аталмыш саланың үздіктерін марапаттады. Салтанатты бағдарлама аясында облыс басшысы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі атынан «Мәдениет саласының үздігі» жеті құрметті белгісі мен 23 мадақтау қағазын тапсырды.

Сонымен қатар Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күнінің құрметіне аймақ әкімі атынан 10 адамға құрмет ақағазы мен алғыс хаттар табыс етілді.

 «Сiздердi кәсiби мерекелерiңiзбен шын жүректен құттықтаймын. Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев «Өркениеттi ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетiмен, ұлы тұлғаларымен мақтанады. Өзiнiң ұлттық мәдениетi арқылы ғана басқаға танылады», - деді Е. Сұлтанов құттықтау сөзінде.

Сонымен  қатар ол шығармашылық ізденіс, мәдениет қызметкерлерінің өнерге деген құмарлығы өңірдің мәдени өмірдің гүлденуі мен халық рухының күшеюіне зор ықпал ететіндігі туралы айтып кетті.

Мерекелiк iс-шара солтүстiкқазақстандық шығармашылық ұжымдардың және халықаралық конкурстардың лауреаттары, «Әлем таланттары» қорының жеке орындаушысы, Ялталық филармониясының жеке орындаушысы Олег Ромашин мен «Әлем таланттары» қорының бас концертмейстерi Владимир Родионовтың қатысуымен өткен салтанатты концертпен аяқталды.

Еске салып кетсек, Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні елімізде  Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2013 жылғы 22 қарашасындағы Жарлығынасәйкес 2014 жылдан бастап аталып келеді.

Шара туралы бейнежаңалықты мына жерден таба аласыз:https://drive.google.com/open?id=0B0dHx6xpZH3zRGJneGFPYTF5V3M&authuser=0.

по материалам: mks.gov.kz