«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы «Музей түні» акциясын қолдады

26.05.2015 10:37 2214

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015 жылдың 22 мамыр күні «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында  Өнер және мәдениет қызметкерлерінің күніне орайластырылып  тұңғыш рет «Музей түні» іс-шарасы өткізілді.

«Музей түні» іс-шарасы «Казмузейм» сайтының бас редакторы Нұрсерік Жолбарыстың қазақстандық музей қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақстан музейлерінің қызметін интернет кеңістігіне бейімдеу» атты семинар-тренингінен басталды. Сонымен қатар, Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтының бөлім меңгерушісі, белгілі археолог, т.ғ.к.  Арман Бейсенов «Орталық Қазақстан: Талды обасы»  бойынша дәріс оқыды.

«Остров Крым» зертханасының жетекшісі, белгілі қалпына келтіруші Қ. Алтынбековтың «Cармат абызының қайта тууы. Қазба жұмыстарынан музейге дейін» атты көрмесі ресми ашылды. 

«Музей түні» іс-шарасы белгілі археолог, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының аға ғылыми қызметкері Бекмұханбет Нұрмұханбетовты Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының 80 жасқа толуына байланысты құттықтау сөзімен басталды.

Мерекеге келушілерге музей залдары бойынша шолу экскурсиялары жүргізіліп , ал  әрбір 100-ші келушіге «Есік» қорық-мұражайының абонент билеті берілді.

«Музей түнінде» қолөнер шеберлерінің мастер-кластары, «Алтын адаммен» бірге суретке түсу, сақ тақырыбына арналған кәдесыйлардың сатылымы, ат арбамен қорық-мұражай аумағында серуендеу, ұлттық ойындар, «Музей түні» шамдарын ұшыру сынды қызғылықты шаралар да ұйымдастырылды. Қорық-мұражай суретшілерінің осы іс-шараға арнайы дайындаған инсталяциялары көрермендердің фотосессия орнына айналды.

Сонымен қатар шара барысында бірнеше халықаралық байқаулардың және «Алтын адам» сыйлығының лауреаты, опера әншісі – Гүлнәр Нұрғалиева, «Шабыт» фестивалінің лауреаты, жас әнші Асқар Әкімбек  және Есік гуманитарлық экономикалық колледжі студенттері қатысуымен мерекелік концерт өтті. 

Іс-шараның құрметті қонақтарының қатарында Оңтүстік Кореяның Кенджу қаласының вице-мэрі және Силла мәдени мұраны ғылыми зерттеу институтының қызметкерлері  болса, жалпы  «Музей түніне» келушілер саны - 3000нан асты. 

по материалам: mks.gov.kz