Қытай мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісіне қызығушылық танытады

27.05.2015 09:32 1443

 

2015 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов Пекин қаласында Қытай Халық Республикасының Дін істері жөніндегі мемлекеттік басқармасының басшысы Ван Цзоаньмен кездесті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Тараптар кездесу барысында дін саласындағы өзекті мәселелер туралы пікір алмасып, мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастар мәселелерін талқылады.ҚР Мәдениет және вице-министрі Марат Әзілханов бұл елге Қытай тарапының шақыруымен қазақстандық дінибірлестіктер өкілдерінен құралған делегацияны бастап келді. Делегация құрамында «Нұр Астана» мешітінің бас имамы, наиб муфтий Өтпенов Наурызбай, Жаркент православие шіркеуінің діни қызметшісі Павел Иванов, Астана қаласындағы Әулие Мария Рим-католиктік архиепархиясының өкілі Павел Войчех, Астана қаласындағы «Інжілдік-лютеран шіркеуі" жергілікті діни бірлестігінің жетекшісі Юрий Новгородов, Алматы қаласындағы «Вон-буддизм» жергілікті діни бірлестігінің төрайымы Лариса Палагина, Астана қаласындағы «Христиандық Новоапостол шіркеуі" жергілікті діни бірлестігінің жетекшісі Федор Бурлаков бар.

Қытай тарапы кездесу барысында мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық келісімнің қазақстандықмоделіне қызығушылық танытып, жаһандық диалог алаңы ретінде берік орныққан Әлемдік және дәстүрлі діндеркөшбасшылары Съезінің діндер мен мәдениеттер арасындағы әлемдік деңгейдегі өзара түсіністікті нығайтужолындағы мәні мен маңызына жоғары баға берді. Тараптар алдағы уақытта екіжақты мәдени және рухани саладағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екендерін білдірді.

по материалам: mks.gov.kz