ЭКСПО-2017 көрмесіне орай Қазақстан мәдениетін таныстырудың арнайы жоспары әзірленді

27.05.2015 16:32 1424

  

25 мамыр, 2015. ЭКСПО-2017 көрмесіне орай Қазақстан мәдениетін таныстырудың арнайы жоспары әзірленді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

«ЭКСПО-2017 дүниежүзілік көрмесін өткізу халықаралық алаңында Қазақстанның мәдени имиджін кеңінен таныстырудың зор мүмкіндігі болады. Мемлекет басшысының тапсырымасы бойынша министрлік ЭКСПО-2017 көрмесіне орай барша қазақстандық мәдениетті таныстырудың арнайы жоспарын даярлады», - деді министр.

Бұл тұрғыда еліміздің тарихи және геосаяси рөлін барша қырынан ашуға негізделген бағыттар іріктелінді. Осы орайда Қазақстандағы қоғамдық келісімнің этникааралық толеранттылықтың қазақстандық моделін таныстыру, сондай-ақ «Бабалар мұрасы. Қазақтардың дәстүрлі мәдениеті», «Астана - Еуразия жүрегі», «Балалар - болашақ энергиясы», «Қазіргі заманғы және инновациялық Қазақстан» атты тақырыптар қамтылды.

по материалам: mks.gov.kz