Абай мемлекеттік қорық-мұражайында Президенттің 100 нақты қадамы атты Ұлт жоспарын талқылау өтті

27.05.2015 17:32 1600

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

27 мамыр, 2015. ШҚО. Бүгін Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайының директоры Ж. Әубәкір төрағалығымен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы атты Ұлт жоспарын мұражай ұжымы арасында талқылау өтті.

Ж.Әубәкір 6 мамырда Астанада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында белгіленген кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсім, біртектілік пен бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастыру реформаларын айта келіп, әрбір қадамына кеңінен тоқталды.

Музей директорының пікірінше, Елбасының бес институционалдық реформасы мемлекетіміздің жан-жақты гүлденуінің кепілі болып табылады: «Елбасының белгілеген «100 нақты қадамы» — бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап. Ол ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі кепілі", — деп ойымен бөлісті.

Сонымен қатар Жоспардың туристік кластерлер құруда үздік тәжірибесі бар стратегиялық инвесторлар тарту туралы 57-қадамын ерекше атап өтіп, ұжым мүшелеріне осы қадам бойынша орындауға қажетті жұмыстар жөнінде тапсырма берді.

по материалам: mks.gov.kz