Қазақстандық өнер шеберлері Астраханда өнер көрсетті

28.05.2015 18:34 1438

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

28 мамыр, 2015. Астрахан. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Астрахан облысы әкімдігінің қолдауымен ҚР-дың Ресейдегі Елшілігі ұйымдастырған «Қазақ мәдениеті: дәстүр мен бүгінгі заман» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.

Кеш жуырда ашылған Астархань мемлекеттік опера және балет театрында өтті. Оған Астана, Алматы, Атырау, Орал қаласынан өнер шеберлері қатысты.

Концерт бағдарламасына «Мәңгілік Елдің» құрметтейтін, насихаттайтын құндылықтары туралы идеялар арқау болған. Бірінші кезекте, елдің орнықты дамуы, азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық, патриоттық, рухани мұра. Кеш қонақтары Қазақстан халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, ҚР еңбек сіңірген әртісі Михаил Токарев, қазақстандық жас жұлдыздар: «Үлкен опера» теледидар байқауының жеңімпазы Салтанат Ахметова, ресейлік «Дауыс» тележобасының қатысушысы Диана Шарапова, Әлібек Әлмадиев, «VoicekKZ» тобы болды. Сондай-ақ Атыраудың Д. Нұрпейісова атындағы халық аспаптар академиялық оркестрі, Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының әртістері және т.б. өнер көрсетті.

Барлық концерттік нөмірді көрермендер ерекше қошеметпен жылы қабылдады.

по материалам: mks.gov.kz