Өскеменде мұражай қызметкерлері мен мамандарының халықаралық семинар-кеңесі өтуде

28.05.2015 09:34 1364

28 мамыр, 2015. ШҚО. Өскеменде мұражай қызметкерлері мен мамандарының үшкіндік халықаралық семинар-кеңесінің жұмысы басталды.

Этномәдени, тарихи, ландшафтты кешендері және көрме залдары, ботаникалық бақшасы, хайуанаттар бағы бар барша елге танымал Шығыс Қазақстан мұражай-қорығының қызметкерлері мәдени және рухани құндылықтарды сақтау,  дамыту мен насихаттаудағы тәжірибесімен бөлісуде.

Форум жұмысына Ресей және Қытайдан, сонымен қатар облыстың барлық аудандары мен жалпы республика аймақтарынан келген мұражай ісінің басшылары мен қызметкерлері, ақпараттық технология мамандары қатысып жатыр.

Форумның салтанатты ашылу күні шара қатысушыларын арнайы саяхаттық-мәдени бағдарлама күтті. Жазғы алаңдарда Абайдың 170-жылдығына, Ақ-бауыр көне қазақ ғибадатханасы, әлем халықтарының қолөнеріне арналған көрмелердің тұсаукесері ұйымдастырылып, әскери кешен мен отбасы демалысы зонасының экспозициясы өтті. 

Форумның құрметті қонағы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тарихи-мәдени мұра басқармасының бұрынғы басшысы, мәдениет қайраткері Базарбай Алтаев ашылу салтанатында сөйлеген  сөзінде: «Шығыс-Қазақстан қорық-мұражайы бірегей мәдени-бұқаралық жобалар мен ашық аспан астында өзіндік ерекшелігі бар көрмелерді ұйымдастыру тәжірибесін зерттеуге болатын алаңға айналды», - деді.

Халықаралық семинардың қорытындылары 29 мамыр күні өтетін дөңгелек үстел кезінде жасалатын болады.

 по материалам: mks.gov.kz