Астанада «Аманат» фильмінің тұсаукесері өтті

31.05.2015 09:10 1579

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

31 мамыр, 2015. Астана. Бүгін саяси қуғын-сүргін құрбандарын  еске   алу күні    көрнекті ғалым,  қазақтаншыққан тұңғыш тарих ғылымының докторы, «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» аттыеңбегінің авторы, қазақ тарихының жанашыры, біртуар тұлға

Ермұхан Бекмахановтың өнегелі өмірінбаяндайтын «АМАНАТ» атты толықметражды көркем фильмінің тұсаукесері өтті. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген фильмнің режиссері және сценарийшісі - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Франция киноакадемиясының Жорж Садуль атындағы сыйлығының лауреаты,  «Платиналы Тарлан» Тәуелсіз жүлдесінің иегері Сатыбалды Нарымбетов.

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының көптен күткен әрі маңызды жобасының тұсаукесеріне, еліміздің белгілі мемлекет, қоғам және мәдениет қайраткерлері, ұлт зиялылары, Ермұхан Бекмахановтың туыстары мен жақындары, сонымен қатар фильмнің шығармашылық тобы қатысты.

Фильмнің желісі бірнеше уақыт аралығын қамтиды: XIX ғасырдың орта тұсы — Кенесары ханның тәуелсіздік жолындағы күресі, XX ғасырдың ортасы және 60-жылдардың соңы. Фильмде қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық көтеріліске арналған зерттеулері үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылған тоталитарлық жүйенің құрбаны, алаш арысы Ермұхан Бекмахановтың тағдыры баяндалады. Қазақ халқының болашағына алаңдаған фильмдегі әр кейіпкердің тағдыры өз заманында суреттелсе де, олардың алға қойған мақсат-мүдделері бір — ар-ождан бостандығы бар, Тәуелсіз Қазақстанның ірге-тасын бекіту.

Фильмнің түсірілімдері Алматы қаласы және Алматы облыстарында жүргізілді. Сол заманның бітім-болмысын дәлме дәл ашып көрсету үшін шығармашылық топ біраз жұмыстар атқарды. Атап айтсақ, сол дәуірді өз көзімен көрген тұлғалармен кеңесе отырып іс жүргізу, сол заманға сай костюмдер тігіп, интерьерлер мен декорацияларды жасау сияқты жұмыстар атқарылды. Фильмнің қоюшы суретшісі - Мұхтар Мырзакеев.

«Аманат» фильмін әсем әуенмен көркемдеген талантты композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақтоты Райымқұлова. Ал тарихи туындыдағы төбелес қойылымдарын сахналаған Жайдарбек Күнғожиновтың «Nomad» атты танымал каскадерлік тобы. Фильмді монтаждау режиссері - Эрве Шнейд Франциядан арнайы шақырылды.

«Аманат» фильмінде басты рөлдерді сомдаған еліміздің танымал кино жұлдыздары: Берік Айтжанов (Ермұхан Бекмаханов), Қарлығаш Мұхамеджанова (Халима), Санжар Мәдиев (Кенесары), Әзиз Бейшеналиев (Бучин). Сонымен қатар фильмге Құралай Анарбекова, Азат Нұртаев, Гауһар Жүсіпова, Шынар Жанысбекова, Ажар Ыбыраева, Ерден Телемісов, Артем Митнев, Дмитрий Скирта және т. б. жас актерлер қатысты.

по материалам: mks.gov.kz