Қазақстан Ұлттық музейі Халықаралық Балаларды қорғау күніне арналған мерекеге шақырады

01.06.2015 09:23 1338

 

1 маусым, 2015.  Астана. Бүгін  Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бала деген бір бақыт» атты мерекелік шара өтеді.

Шара барысында Астана қаласындағы балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен орта мектеп оқушыларына арналған мәдени-ағартушылық бағытта бірнеше іс-шара ұйымдастырылатын болады.

Мерекелік шара бағдарламасы «Первомайский» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қайырымдылық акциясы мен Қазақстан эстрада әншілері мен Ұлттық музей қызметкерлерінің балаларының қатысуымен қайырымдылық концертін қамтиды. Сонымен қатар бұл күні балаларға арналған Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы  театрландырылған тақырыптық экскурсиялар, ойын-сауықтық, танымдық бағдарламалар ұйымдастырылады.

по материалам: mks.gov.kz