С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің мұражайында құжаттардың жаңа жинағының тұсаукесері өтті

01.06.2015 09:45 1512

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015 ж. 29 мамыр күні С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетініңмұражайында «Ғылыми медициналық мекемелердің тарихынан. Қазақстан: 1941-1945 жж.» атты кітабының таныстырылымы өткізілді. Жинақты Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының қызметкерлер ұжымымен дайындалды.

Материалдар мен құжаттардың жаңа жинағы ғылыми-танымал түріндегі тақырыптық басылым болып табылады. Оны дайындау үшін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының сақтауында жатқан Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіндегі ғылыми-зерттеу институттарының 7 қорларының құжаттары бойынша айқындау және таңдау жұмыстары жүргізілді. Берілген мәтіндерде тікелей републикадағы және майдандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бақылау, түрлі инфекциялық аурулармен күресу үшін жаңа және ғылыми әдістерді табу, жараланғандарды емдеу, сонымен қатар, соғысып жатқан елдің болашағы — әйелдер мен балалардың денсаулығын сақтау сияқты ҒЗИ қызметкерлерінің еңбектері кеңінен көрсетілген. Кітап түпнұсқа басылым болып табылады: барлық 115 құжаттар алғашқы рет жарияланып отыр.  

Таныстырылымның төңірегінде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның медициналық ғылыми-зерттеу институттарының жұмысы жайында тарихын бейнелейтін құжаттардың көрмесі мен Кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағатынан алынған «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы медицина» атты құжатты көрмесі ұсынылды.

Жиналғандардың алдында С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті ректорының кеңесшісі, профессор Ж…Ғ. Мұстафина, университет мұражайының директоры, доцент А. С. Саятова, жалпы гигиена мен экология кафедрасының доценті Г. А. Балмағамбетова, университеттің ұстазы Г. М. Айтжанова сөз сөйледі.

Іс-шарада медицина университеттің қызметкерлері мен студенттері қатысты. Олар жинаққа өздерінің қызығушылықтарын білдіріп, оған жоғары бағаларын берді. Кітап мол ақпараттан құралып, баға жетпес құндылығына байланысты Орталық ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының ұжымына алғыстарын білдірді.  

по материалам: mks.gov.kz