Шығыс Қазақстанда мұражай қызметкерлерінің халықаралық семинар-кеңесі аяқталды

03.06.2015 16:18 1517

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 маусым, 2015. ШҚО. Өскеменде мұражай қызметкерлерінің халықаралық семинар-кеңесі аяқталды.Қазақстан, Ресей, Иран және Қытайдан келген 40 жуық мұражай мамандары мәдени және рухани құндылықтарды сақтау, дамыту және дәріптеу мәселелерін талқылады.

Бұған дейін хабарланғандай, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Б. Сапарбаевтың тапсыруымен өткен кеңес Шығыс Қазақстан сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтты қорық-мұражайында орын алды. Бұл қорық еліміздің жетекші және ең танымал мұражайларының бірі болып табылады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрінің халықаралық шараның қатысушыларына арналған құттықтау хатында айтылған болатын.

Бірегей бұл мұражай кешенінің жұмыс тәжірибесімен форум қатысушылары жеке танысуға мүмкіндіктері болды. Көптеген көрме алаңдары, этноауыл үйлері, балалар қалашықтары, «Жібек жолы» кешені және «Ақ бауыр» көне қазақ ғибадатханасы бойынша экскурсиялар қонақтарды тамсандырған болатын.

Дөңгелек үстелде өткен қорытынды талқылауда мұражай мамандары Өскемендегі музей секілді кешендердің ТМД елдері аумағында жоқтың қасы екендігін айтып өтті.Қорық қызметкерлерінің директор, ҚР еңбегі сіңген мәдениет қайраткері Николай Зайцевтің басшылығымен атқарылған жұмысына жоғары баға берілді.

«100 нақты қадам» ұллтық Жоспарында аймақтық туристік кластерлердің құрылуы туралы айтылады. Бұл жерде осындай жұмыс бұрыннан бері атқарылып, бүгінде жетіліп келеді", — деді семинардың құрметті қонағы Базарбай Алтаев.

Мәдени мұраларды сақтау мен насихаттауда атқарылып жатқан жұмыстары сөз еткен Иран Ислам Республикасы Қазақстандағы елшілігінің мәдени өкілдігінің басшысы Асгар Сабери, РФ Алтай аймағы мәдениет және мұрағат ісі басқармасының бас маманы Ольга Филиппова, Невзоровтар жанұясы атындағы облыстық көркемсурет өнері мұражайының директоры Татьяна Стромскаяның баяндамалары шара қатысушыларының ерекше назарына ие болды.

Дөңгелек үстел қорытындылары бойынша өткен резолюцияда Шығыс Қазақстандағы қорық-мұражайдың еңбек тәжірибесі республика аумағында таралып, енгізу қажет екендігі айтылады.

по материалам: mks.gov.kz